Бес аптаға жоспарланған тазалық науқанының әр бөлігінің өзіне тән атауы мен мақсаты бар. Аталған акцияның «Жасыл ел» апталығы аясында биылғы 26 сәуір күні Шиелі ауданындағы өндіріс орындары «Ру-6» ЖШС мен «Semizbai-U ЖШС-нің Иіркөл кеніші қызметкерлері өз мекеме аумағын абаттандырып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Тазалық жұмыстарына 50 адам, 7 техника жұмылдырылып, 500 түп ағаш егілді. «Semizbai-U» ЖШС Иіркөл кенішінің директоры, аудандық мәслихат депутаты М.Салқынбаев акцияға қатысып, игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табарына сенім білдірді.