Шиелі мен Сырдария ауданы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды
Бүгін Сырдария және Шиелі ауданының тұрғындары Президент бастамасымен қолға алынған пилоттық аудан әкімі сайлауында дауыс беріп, ерекше белсенділік танытты, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Қызылорда облысының орталық сайлау комиссиясы
Таңсәріден ерте келген сайлаушылар маңызды күнде ауызбіршілік танытып, аудан игілігі үшін елеулі қадам жасады.
Сағат 20.00-де барлық дауыс беру учаскелері жабылып, өз жұмысын аяқтады.
Енді комиссия мүшелері дауыстарды санау жұмыстарына кірісіп, қорытынды ақпаратты жариялайды.
Фото: қызылорда облысы орталық сайлау комиссиясы
Айта кетейік, Сырдарияда 22101, Шиеліде 50402 сайлаушы тіркелген.
Екі ауданда барлығы 58 сайлау учаскесі құрылып, 388 комиссия мүшесі қызмет жасауда.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.