Шиелі ауданы да ауыл әкімдерін сайлауға дайындалып жатыр - Қызылорда облысы

None
ҚЫЗЫЛОРДА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданының жұртшылығы ауылдық округтер әкімдерін сайлауға дайындалып жатыр.

Осыған орай аудан әкімі Мұрат Ергешбаев өңірдегі 22 ауылдық округ пен Шиелі кентін аралап, олардағы тұрғындармен кездесті. Кездесулер барысында ол ардагерлердің пікірлерін тыңдады.

Аудан әкімінің кандидаттарды ауыл тұрғындарымен таныстыру кестесі 2013 жылдың 8 және 9 шілде күндері аралығымен бекітіліп, жергілікті газетке жарияланған болатын.

Осы орайда, аудан басшысы кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округ құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлауға сәйкес, аудан әкімі сайлауға ұсынылған кандидаттарды ауыл тұрғындарына таныстырды.

Шиелі ауданында кандидаттарды мәслихат депутаттары арқылы сайлау 2013 жылдың 7 тамызына белгіленді.