Шиелі ауданында Еділбай қойы өсіріле бастады
14:39, 21 Қаңтар 2009
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Шиелі ауданындағы "Темірлан" шаруа қожалығы Еділбай тұқымдас қой өсіруді қолға алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл қой тұқымы ет өнімін мол береді. Сондай-ақ, жүн алуда да жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Негізінен еліміздің батыс аймағында өсірілетін Еділбай қойы Сыр өңірінде де өсім береді деп күтілуде. Әзірге Қарағанды облысының Ұлытау ауданынан 250 тоқты және 18 қошқар әкелінді. Алдағы уақытта мал басын көбейту жоспарда тұр.