Шиелі ауданының егіншілері бидайды толық жинап алды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Шиелі ауданының диқандары биылғы жылы 23805 гектар жерге түрлі ауыл шаруашылығы да­қыл­дарын орналастырған болатын.

Қазірге дейін олар бидайды орып, өнімін қамбаға жинап алды. Мұнда 1500 гектар көлемнен орташа 13,8 центнерден өнім алынып, барлығы қамбаға 20700 тонна бидай құйылды. Әсіресе, «Ынтымақ ГТ» ЖШС диқандары әрбір гектардан ор­та­ша 16 центнерден өнім алса, ал Нартай ауы­лын­дағы «Халық» шаруа қожалығы тыңғылықты іс атқарып, 85 гектар бидайдан орташа 20 центнерден өнім жинауғаа қол жеткізді. Ек­пін­ділер қатарына дәнді дақылдарды өсіруде өзін­дік үлгісі бар «Жаңа Бестам» ЖШС да қосылды.