Биылғы оқу жылында аудандағы 40 мектеп пен 3 мектептен тыс мекемеде 15991 оқушы білім алады. Оларға 2600 мұғалім сабақ береді.
Ауданда мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу бағытында 20 балабақша және 2 шағын орталық жұмыс істейді. Оларда 1737 бүлдіршін тәрбие алуда. Биылғы ҰБТ қорытындысында аудан түлектері 89,7 балл алды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғары.
Аудан мұғалімдерінің мәслихатын аудан әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қорытындылап, жас өрендердің Елбасы алға қойып отырған талап деңгейінде өсіп-жетілулері үшін бар күш-жігердің жұмсалатынына көпшілікті сендірді.