ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданының 23 жастағы тұрғыны жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол Телікөл аумағына балық аулауға шыққан. Сол жақтан Қызылорда қаласына баратынын айтып жолға шығып кеткен. Содан бері хабарсыз.
«Бұл бағытта іздестіру жұмыстары жалғасуда. Әзірге нәтиже берген жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.