ШИЕЛІ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданы аумағындағы тас жолда «МАЗ-5432-03» автокөлігінің тіркемесіндегі 800 бау жоңышқа шөбі мен 3 тонна бидай өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш оқиға «Шымкент-Самара» тас жолының бойында орын алған. Түркістан облысы тұрғынының басқаруындағы «МАЗ-5432-03» автокөлігінің тіркемесіндегі 800 бау жоңышқа шөбі мен 3 тонна бидай өртеніп кеткен.
«Өрттің шығу себебі белгісіз. Оқиға орнына сол аймақта қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция қызметкерлері барды. Оқиға барысын таразылаған олар бұл жерге өрт сөндіру қызметі мамандарын шақырды. Оқиға барысында зардап шеккен адамдар жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Бұдан бұрын Қызылордада жергілікті серіктестік қоймасынан өрт шыққаны хабарланған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.