Шиеліде күн электр стансасының құрылысы басталды

Фото: None
ШИЕЛІ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданында күн электр стансасының құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұңғыш Президент -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында «Ең алдымен «болашақтыңэкономикасының» баламалы энергетика, жаңа материалдар, биомедицина, үлкендеректер, заттар интернеті, жасанды интеллект, блокчейн және басқа дабағыттарын ілгерілетуді қамтамасыз ету қажет» деп атап көрсеткен болатын.

Аталмыш жобаны«Байқоңыр Солар» ЖШС қолға алып отыр. Күн электр стансасы Шиелі ауданыныңСұлутөбе ауылында орналасады. Онда күніне 50 мВт күн электр қуатыөндіріледі. Аталмыш станса көршіаудандар мен облыс орталығын электр қуатымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ,ауадағы көмірқышқыл газының жылдық шығарылуын 75 мың тоннаға азайтады. Оғанқоса инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Бұл жобаны «ҚазынаКапитал менеджмент» АҚ және «Юнайтед Грин Британдық холдингі» қаржыландырады.Іске қосылғаннан кейін 23 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Осындай жобаЖалағаш ауданында да қолға алынып отыр. Онда да қуаттылығы 30 кВт болатын күнэлектр станцсасының құрылыс басталды. Бұл жобаны «Nomad Solar» ЖШС жүзегеасырады. Электр стансасының құрылысына 60 адам жұмылдырылған. Пайдалануғаберілгеннен кейін мұнда 18 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.

Соңғы жаңалықтар