ШИЕЛІ. ҚазАқпарат -Қызылорда облысы Шиелі кентіндегі жалпы орта білім беретін кешкі мектебінде күзетші табиғи газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Оқыс оқиға мекеме қызметкерінің газ пешіне салғырт қарауынан болған. Қауіпсіздік ережелері сақталамаған. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.