Сондай нысандардың бірі - Шиелі кентінде мүгедек балаларға арналған 50 орындық интернат үйі.
Бұл нысанның құрылысы 2009 жылы осындағы «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» жеке шаруашылық серіктестігі мен облыс әкімдігінің арасындағы ынтымақтастық келісімнің арқасында қолға алынған болатын. Бұл құрылысқа содан бері 496 млн. теңге қаржы жаратылды. Бұдан бөлек, оның ішкі жабдықтарына тағы қосымша 32 млн. теңге қаражат бөлінді.
Аталмыш интернат 3 блоктан тұрады. Оларда балаларға арналған бөлмелер, ойын және демалыс бөлмелері мен медициналық оңалту бөлмелері, тіркеу орны, дәріхана, зертхана, медициналық бөлмелер бар.