Шиелідегі «Ақ Орда» мектеп-гимназиясын күрделі жөндеу үшін жергілікті бюджеттен 37 млн. теңге қаржы бөлінді - Қызылорда облысы
18:15, 11 Тамыз 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысы Шиелі ауданының орталығындағы №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясына күрделі жөндеу жүргізу үшін бюджеттен 34,5 млн. теңге қаржы бөлінді.
Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан тендер жеңімпазы «РеСМО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қазірдің өзінде бөлінген қаржының үштен бірін игерді. Құрылыс жұмысына орай 37 жаңа жұмыс орны ашылды.