Қызылорда облысы әкімдігінің мәліметінше, жыл басынан бері сауда орындарында жасанды баға көтеру фактілерін болдырмау үшін азық-түлік жеткізуші кәсіпкерлер арасында бағаны ұстап тұру жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Нұр», «Арсен», «Аян», «Қайсар», «Береке» және «Қазына» ірі сауда нысандарымен, тағы басқа дүкендермен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Бүгінде өнімдерге сұраныстың өсуі, өнім жетіспеушілігі байқалмайды.
Сондай-ақ ауданның экспорттық әлеуетін арттыру, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тауарларын сырт елдерге экспортқа жөнелту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өткен жылы мамыр айында Қырғызстанға 20 тонна ақ күріш, Ресейге 421 тонна қарбыз, 275 тонна қауын, 330 тонна қызанақ экспортталды.