Прокуратураның хабарлауынша, Шиелі кентінің бас маманы Отызбаева тұрғын үй құрылысын салуға жер телімі үшін жәбірленушіден 1 миллион теңге көлемінде пара алып, жерді заңсыз рәсімдеп берген.
Шиелі аудандық соты Отызбаеваны сыбайлас жемқорлыққа қатысы болуына байланысты кінәлі деп тапты. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай рақымшылыққа ілінуіне байланысты оны 3 жыл мерзімге еркіндігін шектеп, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқынан айырды. Кент әкімшілігінің мұнан өзге іске қатысты болған қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды.