Прокуратураның хабарлауынша, Шиелі кентінің бас маманы Отызбаева тұрғын үй салу үшін жәбірленушіден 1 миллион теңге көлемінде пара алып, жерді заңсыз рәсімдеп берген.
Шиелі аудандық соты Отызбаеваны сыбайлас жемқорлыққа қатысы болуына байланысты кінәлі деп тапты.
ҚР тәуелсіздігінің 25-жылдық мерекесіне орай рақымшылыққа ілінуіне байланысты 3 жыл мерзімге еркіндігін шектеп, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқынан айырды.
Кент әкімшілігінің мұнан өзге іске қатысты болған қызметкерлер тәртіптік жазаға тартылды.