Жыл басынаны бері, яғни 10 айда 18 адам ұсталды. 2024 жылдың он айында Абай облысында 94 мал ұрлығы оқиғасы тіркелген. Оның 85%-ы еркін жайылымда орын алған, бұл ұрлық қаупін айтарлықтай арттырады. Ұрлық нәтижесінде жалпы шығын 218,8 млн теңгені құрап, оның 120,8 млн теңгесі өтелді.
— Тергеу барысында мал ұрлығына қатысы бар 18 адам ұсталды, олардың 11-і 4 ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі. Облыс полициясы мал ұрлығына қарсы күресті белсенді түрде жалғастыруда, бұл жұмыс қатаң бақылауда, — делінген облыстық ПД таратқан ақпаратта.
Қылмыстардың негізгі себептерінің бірі — малдың еркін жайылымда қараусыз қалуы, бұл ұрлыққа жағдай жасайды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы облысында мал ұрлығына қарсы ауқымды жоба басталды.