Шығыс Қазақстан облысында есірткі зертханасы жойылды

Фото: ҚР ҰҚК

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл тамыз айында Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен, есірткі зертханасын жою бойынша операцияны іске асырды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі ақпарат таратты. 

Қылмыс жасады деген күдікпен Қазақстанның екі азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. 

– Тінту кезінде 240 литрден аса психотроптық зат пен 2 тонна прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда полицейлер есірткі айналымының алдын алу мақсатында түзеу мекемесін тексергенін хабарлаған едік.