— 2026 жылғы 12 наурыз сағат 07:00–де ауа райының бұзылуына байланысты KAZ-08 «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» 1194–1212 шақырым аралығы (Шемонаиха қаласынан — РФ шекарасына дейін) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі, — делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 13 наурыз сағат 08:00–де ашу жоспарланған.
Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды.