Шығыс Қазақстан облысында жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
– 2026 жылғы 6 ақпан сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1104-1191 шақырым аралығындағы учаскесінде (Глубокое ауылынан Шемонаиха қаласына дейін) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 7 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған. Ал Ұлытау облысында көлік қозғалысы ашылды.
– 2026 жылғы 6 ақпан сағат 21:00-де республикалық маңызы бар «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» 24-137 шақырым аралығындағы учаскесінде (Сәтпаев қаласынаң Ұлытау кентіне дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды, - делінген хабарламада.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Айта кетейік, 2030 жылға дейінгі 1500 шақырым жол төрт және одан да көп жолақты болады.