«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушының сотқа дейінгі тергеу аясында уақытша қамауға алынғанын растайды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қосымша ақпаратты кейін береміз», - деп атап өтті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
14:12, 17 Шілде 2024
Шығыс Қазақстан облысының бас экологы пара алу үстінде ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM – Желіде Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының м.а. Мамай Бутабаевтың пара алу үстінде ұсталуы туралы ақпарат тарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ақпаратты растады.