ШҚО құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сүйенсек, бүгінде өңір бойынша күзгі-қысқы кезеңде көмір жағатын халықты қатты отынмен қамтамыз ету жұмыстары жалғасуда.
«Бюджеттік ұйымдарға көмір қажетті көлемде толықтай алынды. Білім беру мекемелеріне 30 мың тонна, әлеуметтік қамсыздандыру нысандарына 5 мың тонна, медицина мекемелеріне 6 мың тоннаға жуық көмір жеткізіліп отыр. Ал тұрғындарға 380 мың тоннадан астам көмір жеткізілді, бұл жалпы қажеттіліктің 85 пайызы», - дейді басқарма басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов.
Оның айтуынша, теміржол тұйықтарында 19,5 мың тонна қатты отын бар. Ал Шығыс Қазақстан облысының жылу электр орталықтары мен жылу көздеріне 308 мың тоннадан астам көмір жеткізілген. Риддер жылу электр орталығындағы қазіргі көмір қоры 15 күнге жетеді.
Талғатжан Мұхаметбекұлы