Ведомствоның мәліметінше, Ақжар учаскесінде 8 шақырым, Зайсан учаскесінде 9,3 шақырым, Күршім учаскесінде 37,7 шақырым канал тазартылды.
Алдағы уақытта тағы 30 шақырым каналды тазарту жоспарланып отыр.
— Шығыс Қазақстан облысында биыл вегетация маусымы 10 күнге ерте басталды. Қазіргі уақытта облыста суару кезеңі белсенді фазасы жүріп жатыр. Бүгінгі күнге шаруалармен суармалы су беру жөнінде 290 келісімшарт жасалды, — деді Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалының директоры Нұржан Әміржанов.
Бұған дейін хабарланғандай, су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінің төрт модулі пилоттық режимде іске қосылды.