Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, өңірде зооноздық инфекциялардың жұғуы мен таралуының алдын алу үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр.
— Шығыс Қазақстанда өткен жылдың сәйкес кезеңінде үш адам бруцеллез жұқтырса, биығы жылдың басынан бері осындай бес жағдай анықталған. Бруцеллез Тарбағатай және Зайсан аудандарында тіркелді. Мамандар әрбір жағдай бойынша адамдарға эпидемиялық және эпизоотиялық шаралар жүргізіп, ауру көздері мен жұғу факторларын анықтады, — делінген ақпаратта.
Инфекцияның бес ошағы мен байланыста болған 16 адам тіркелді. Бұл адамдар тексеруден өтіп, алты ай бойғы диспансерлік бақылауға алынды. Сонымен қатар ошақтарда 12 сынама алынып, ет өнімінен бір оң нәтиже анықталған.
Еске салсақ, осыған дейін Батыс Қазақстанда 800-ден астам ірі қара бруцеллез ауруына шалдыққаны хабарланған.