ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстанда облысында алғаш рет ауыл мектебіне «Starlink» спутниктік интернеті қосылды.
Үлкен Нарын ауданының Сенное ауылының жалпы білім беру мектебіне «Starlink» спутниктік интернеті орнатылып, іске қосылды.
ШҚО цифрландыру және мұрағаттар басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл өңірдегі 170 мектепке осындай интернет орнатылады деп жоспарланған.
«Дегенмен, сол мектептерге кейін толыққанды ғаламтор желісі жүргізілетін болады. «Starlink» қазірде сапасы жағынан алда тұрған желілердің бірі. Оның жылдамдығы секундына 120 мбит және одан жоғары болуы мүмкін. Сондай-ақ, оның іске қосу жолы да жылдам» делінген ақпаратта.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.