Шығыс Қазақстанда ауа райына байланысты екі жолда шектеу

АСТАНА. KAZINFORM — Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар екі автожол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов

28 қараша сағат 06:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:

- «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 1126 — 1212 шақырым аралығы (Предгорное а. — РФ шекарасы);

- «Өскемен — Риддер — РФ шекарасы» автожолының 15 — 105 шақырым аралығы (Белоусовка к. — Риддер қ.).

Жолды 2026 жылы 28 қараша сағат 10:00-де ашу жоспарланған.