ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауыл таратылмақ. Облыстағы Глубокое және Тарбағатай аудандарындағы бірнеше кент ауылға айналып, кейбір ауылдар таратылады.
«Нақты айтқанда, Глубокое ауданындағы Алтайский және Верхнеберезовский кенттері ауыл санатына жатқызылады. Сметанино, Калинино ауылдары мен Аврора станциясы таратылып, өзге қоныстар санатына енгізіледі. Сметанино – Кожохова елдімекеніне, Калинино – Алтайский ауылына, Аврора станциясы – Предгорное ауылының құрамына қосылады», - дейді ШҚО әкімінің аппараты басшысының орынбасары Мерей Асылханов.
Тарбағатай ауданы бойынша Сағындық, Өтеген, Жалғызтөбе ауылдары таратылады.
Сараптама комиссиясы мен ғылыми сараптама қорытындысы жасалған. Енді жоба «Ашық НҚА» порталына шығарылады.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.