ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда бұрқасын мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты облыстық маңызы бар жол жабылды.
— Сағат 21.00-ден бастап «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 63-145 шақырымында (Тарғын мен Самар ауылдарының арасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынды. Сондықтан көлік жүргізушілерін бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Құтқарушылар халыққа алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, осыған дейін Үлкен Алматы айналма жолында 2026 жылдан бастап жолақы қымбаттайтындығы хабарланған.