Шығыс Қазақстанда газ құбыры тесіліп, 5 ауылдың халқы көгілдір отынсыз отыр
12:21, 31 Қазан 2023
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы Айнабұлақ ауылының маңында газ құбыры тесіліп, 860-тан астам үй көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды Kazinform.
30 қазан күні кешкі уақытта Зайсан ауданындағы Айнабұлақ ауылының маңында газ құбыры тесілген.
Соның салдарынан Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Қаратал, Үлкен Қаратал ауылдарының тұрғындары көгілдір отынсыз қалды.
«Барлығы 860-тан астам абонент газсыз қалып отыр. Апат болған жерге бірден «ҚазТрансГазАймақ» АҚ мамандары келіп жеткен. Қазіргі уақытта қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр», - деп хабарлады ШҚО құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан.
Болжам бойынша бүгін түске дейін ауылдарға қайта газ беріледі.