Шығыс Қазақстанда қамысты шарпыған өртті ауыздықтауға тікұшақ тартылды

Фото: Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында өрт сөндірушілер қамыс пен шөпті шарпыған тілсіз жаумен әлі күресіп жатыр.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Зайсан ауданының Біржан ауылдық округіне қарасты Шұбырағаш аумағында қамыс пен құрғақ шөп жанған. Бұл батпақты әрі техника қозғалысына қолайсыз жер.

— Өртпен күреске 85 адам, 15 техника жұмылдырылды. Қосымша 20 адам мен су таситын көлік, соқасы бар трактор және жүк тиегіш көмекке жіберілді. Ми-8 тікұшағы да тартылды. Оның бортында 11 құтқарушы бар. Барлық қажетті құтқару жабдықтары тиелген. Сондай-ақ тікұшақты жанармаймен қамтамасыз ету үшін жанармай таситын көлік те жолға шықты, — делінген ақпаратта.

Өртті сөндіруге жылдамдығы секундына 19-20 метрге дейін жететін жел қиындық тудырып отыр.

Еске салсақ, осыған дейін Зайсан ауданында қамыс өртенгені жайлы жазғанбыз