Шығыс Қазақстанда қар барысы фототұзаққа түсіп қалды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды.
Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметіне сүйенсек, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарларды бақылау үшін орнатылған фототұзақтар тексерілді.
Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
— Алтай филиалындағы Алтай орман шаруашылығында фототұзаққа өте сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төніп тұрған қар барысы (Panthera uncia) түсіп қалды. Бұл қоршаған орта мен жануарлар әлемін қорғау шараларының тиімділігінің дәлелі, — деп хабарлады комитеттен.
Еске салсақ, осыған дейін ұлттық парктегі фототұзақтар қалай орнатылатындығы жайлы жазған едік.
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.