Шығыс Қазақстанда қар барысы тағы да фототұзаққа түсіп қалды

Фото: Фото: видеодан алынды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды. 

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркінің Аршаты орманшылығында сирек кездесетін қар барысы тағы да фототұзақ объективіне ілікті.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметіне сүйенсек, бұл кадрлар 2024 жылдың желтоқсаны мен 2025 жылдың қаңтары аралығында түсірілген.

Аршаты орманшылығының инспекторы Жомарт Аманбаевтың арқасында фототұзақтар дұрыс орындарға қойылып, осындай жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік туды.

- Қар барысы - Алтай тауының символы, табиғаттың баға жетпес мұрасы, - дейді ведомство өкілдері.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда қар барысы фототұзаққа түсіп қалғаны хабарланған.