ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі екі тасжолды қар көшкіні жауып қалу қаупі туындады.
«Республикалық маңызы бар «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын-Катонқарағай — Рахман қайнары» тасжолының 6-166 шақырымында (Ушанов кенті мен Алтай қаласына дейінгі аралықта) және «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 88-145 шақырымында (Жоғары Тайынты мен Самар ауылының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береміз», — делінген ақпаратта.