ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың біріне қар көшкіні түсуі ықтимал.
– Бүгін сағат 20.00-ден бастап облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының учаскесінде (Тайынты мен Самар ауылдарының арасы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынады, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында бір күнде екі рет қар көшкіні жүргені хабарланған.