ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін өңірдегі тасжолдардың бірінің бойындағы тау бөктерінде жарылыс жасалып, көшкін түсіріледі.
«Сағат 11.00-де республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары тасжолының 58-66 шақырымында жасанды жолмен қар көшкіні түсіріледі. Сондықтан аталған тасжол жабық болады. Көлік жүргізушілеріне маршрутты алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз», - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ құтқарушылар жұртшылыққа алыс сапарға шығар алдында жолдың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.