Шығыс Қазақстанда қар қөшкіні түсірілетіндіктен жол жабылады
21:11, 07 Қаңтар 2025
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында 8 қаңтарда қар қөшкіні түсірілетіндіктен жол жабылады.
«Қазселденқорғау» мекемесі ШҚО филиалының мәліметіне сүйенсек, 8 қаңтарда сағат 10-00-де өңір жолдарының бірінде жасанды жолмен қар көшкіні түсіріледі.
- Облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 95-102 шақырымы профилактикалық мақсатта қар көшкіні түсірілетіндіктен жабылады. Көлік жүргізушілеріне өз маршруттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - делінген ақпаратта.
Қыс басталғалы бері Шығыс Қазақстанда 15 рет профилактикалық қар көшкіні жүргізілді. Соның нәтижесінде жалпы көлемі шамамен 6665 текше метр қар түсірілген.
Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да қар мол жауғандықтан көшкін жүру қаупі артқаны хабарланған.