ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі екі тасжолды қар көшкіні жауып қалу қаупі қайта туындап отыр.
«Республикалық маңызы бар „Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары“ тасжолының 6-166 шақырымында (Ушанов кенті мен Алтай қаласына дейінгі аралықта) және „Өскемен-Тарғын-Самар“ тасжолының 88-145 шақырымында (Жоғары Тайынты мен Самар ауылының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін „Дәрмен“ мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береміз» делінген ақпаратта.