ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 12 мыңға жуық әйел төлемақы алады.
Облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірдегі бірнеше санаттағы нәзік жандарға төлемақы берілмек.
«Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналар, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденінің иегерлері, бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар аналарға 15 000 теңге мөлшерінде бір реттік төлем жасалады», - делінген ақпаратта.
Бүгінде Шығыс Қазақстандағы аталған санаттарда 11 887 әйел бар.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.