Шығыс Қазақстанда тағы бір жол жабылды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында тағы бір жолда көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынды.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда бұрқасын мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты облыстық маңызы бар жол жабылды.
- «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолының 38-60 шақырымында (Алтай Альпісі демалыс орны мен Солтүстік ауылының арасындағы жол) көлік қозғалысына тыйым салынды. Сондықтан жүргізушілерді өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, осыған дейін төрт облыста жол жабылғаны хабарланған.