ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда бұрқасын мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты облыстық маңызы бар жол жабылды.
- «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолының 38-60 шақырымында (Алтай Альпісі демалыс орны мен Солтүстік ауылының арасындағы жол) көлік қозғалысына тыйым салынды. Сондықтан жүргізушілерді өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, осыған дейін төрт облыста жол жабылғаны хабарланған.