ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жолдың дұрыс көрінбеуіне, боран мен көктайғаққа байланысты облыстық маңызы бар автокөлік жолында көлік қозғалысына тыйым салынды.
— «Тарханка-Топиха» тасжолының 0-12 шақырымында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына уақытша тыйым салынды. Сондықтан жүргізушілерді өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, — делінген ақпаратта.
Ал «Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха» тасжолының 72-80 шақырымында (ШҚО шекарасы мен Артемьевская кенішінің арасы) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс ашылды.
Еске салсақ, осыған дейін ШҚО мен Абай облысындағы 6 жолда көлік қозғалысына шектеу қойылғаны хабарланған.