Шығыс Қазақстанда тағы бір жолда көлік қозғалысы шектелді

Фото: Kazinform

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдардың бірінде шектеу енгізілді.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жолдың дұрыс көрінбеуіне, боран мен көктайғаққа байланысты облыстық маңызы бар автокөлік жолдарында кейбір көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.

- 21 желтоқсан сағат 10.00-ден бастап «Шемонаиха-Секисовка» тасжолының 0-56 шақырымында (Шемонаиха қаласы мен Секисовка ауылының арасындағы жол) автобустар мен тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына уақытша тыйым салынды. Сондықтан жүргізушілерді өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға кеңес берді.

Еске салсақ, осыған дейін 21 желтоқсанда елдегі қай жолдар жабық екендігін жазғанбыз.