ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жолдың дұрыс көрінбеуіне, боран мен көктайғаққа байланысты облыстық маңызы бар автокөлік жолдарында кейбір көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.
- 21 желтоқсан сағат 10.00-ден бастап «Шемонаиха-Секисовка» тасжолының 0-56 шақырымында (Шемонаиха қаласы мен Секисовка ауылының арасындағы жол) автобустар мен тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына уақытша тыйым салынды. Сондықтан жүргізушілерді өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, осыған дейін 21 желтоқсанда елдегі қай жолдар жабық екендігін жазғанбыз.