ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл облыс бойынша есірткінің заңсыз айналымына байланысты 86 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде есірткіге қатысты 50 қылмыс анықталды. Атап айтқанда, 35-і сату, 2-уі аса ірі көлемде сақтау, 13-і құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру фактісі.
- Сондай-ақ 10 лаборатория жойылып, 1 контрабанда дерегі тіркелді. Заңсыз айналымнан 38 келіден астам есірткі, оның ішінде 37 келі марихуана, 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленген, - делінген ақпаратта.
Ведомство дерегінше, есірткі қылмысының алдын алу үшін100-ден астам профилактикалық шара - дәрістер, дөңгелек үстелдер, акциялар мен спорттық кездесулер өткізілген.
Еске салсақ, осыған дейін Ақмола облысында полицейлер 5 адамды жанып жатқан өрт ішінен алып шыққаны жайлы жазғанбыз.