Шығыс Қазақстан облысындағы «Бұқтырма-Заводинка» теміржолында жүй пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Kazinform.
Оқиға 26 қазан күні таңертең болған. «Бұқтырма-Заводинка» теміржолының учаскесінде келе жатқан жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті. Бірақ аударылмады.
«Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Пойызда кен және көмір тиелген. Қазіргі уақытта әкімдік жағдайды бақылауға алып, шұғыл әрекет ету қызметтері дереу сол жерге жұмылдырылды», - деп хабарлады ШҚО әкімдігінен.
Шығыс Қазақстан облысының Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, бүгінде кесте бойынша бұл бағытта жүретін жолаушылар пойыздары жоқ.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.