Шығыс Қазақстандағы екі жолда көлік қозғалысы шектелді
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы екі жолда кейбір көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда кейбір көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.
— 7 қаңтар сағат 21.00-ден бастап «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымында (Белоусовка кенті мен Риддер қаласының арасындағы жол) және «Шемонаиха-Секисовка» тасжолының 0-56 шақырымында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына уақытша тыйым салынды. Сондықтан жүргізушілерді өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, осыған дейін 7 ақпанда республика бойынша қай жолдар жабық тұрғаны жайлы жазғанбыз.