ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда кейбір көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.
— 7 қаңтар сағат 21.00-ден бастап «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымында (Белоусовка кенті мен Риддер қаласының арасындағы жол) және «Шемонаиха-Секисовка» тасжолының 0-56 шақырымында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына уақытша тыйым салынды. Сондықтан жүргізушілерді өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, осыған дейін 7 ақпанда республика бойынша қай жолдар жабық тұрғаны жайлы жазғанбыз.