Шығыс Қазақстандағы кейбір мектеп оқушылары қашықтан оқиды
14:23, 06 Желтоқсан 2023
Шығыс Қазақстан облысындағы кейбір мектептерде екінші ауысымдағы оқушылар онлайн форматта білім алады, деп хабарлайды Kazinform.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, боран мен көктайғаққа байланысты облыстағы екі ауданда екінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды.
«Күршім ауданының орталығындағы №1, №3, №4, №5 мектептерде 1-8 сынып аралығындағы, Құйған, Барақ батыр, Ақши ауылдарындағы мектептерде 1-4 сынып аралығындағы, Глубокое ауданы Ново-Иртышская, Белоусовская ауылдарында 1-4 сынып аралығындағы мектеп оқушылары қашықтан оқиды», - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, бүгін таңертең семейлік оқушылар ауа райына байланысты қашықтан оқу форматына көшірілген болатын.