ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясынан жазғандай, шектеу Шығыс Қазақстан облысында «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1013-1062 шақырым аралығында – Абай облысының шекарасынан «Рубеж» бекетіне дейін қолданылады.
Сондай-ақ «Өскемен – Семей» автожолының 12-45 шақырым аралығында – Казачье ауылынан Таврия ауылына дейін және 48-103 шақырым аралығында – Таврия ауылынан Абай облысының шекарасына дейін қозғалыс шектелді.
Абай облысында «Өскемен – Семей» автожолының 103-198 шақырым аралығында – Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейін жүк көліктеріне уақытша тыйым салынды.
Жолды 2026 жылғы 20 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.
Қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығы арқылы тәулік бойы алуға болады.
Айта кетейік, бұған дейін 19 ақпанда елдегі қай жолдар жабық тұрғаны хабарланды.