Шикізат секторындағы ашықтық бастамасын сақтауда Қазақстан бірқатар жетістіктерге жетті ? С. Мыңбаев
10:00, 03 Маусым 2009
АСТАНА. Мамырдың 3-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Астанада «Қазақстандағы шикізат өндіру салаларында ашықтық бастамасын сақтау» ІІ Ұлттық конференциясы басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Конференция Дүниежүзілік банк пен Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі арасындағы меморандум аясында Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесінің ұйымдастырумен өтуде. Мәжіліс барысында аталған кеңеске мүше ұйымдар атқарылған жұмыстарды қорытындылап, көпжақты байланыстардың даму болашағын талқылауды жоспарлап отыр. ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстан шикізатты өндіру саласындағы ашықтық қағидатын сақтау жолында бірқатар жетістіктерге жетті. «Осы бастаманы қолға алғаннан бері шикізат өндіру секторында қызмет етіп жатқан компаниялардың тарапынан түсетін қаржының көлемі 3,1 млрд. теңгеден 10,3 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Осы жұмыс бойынша арнайы есеп құжаттары үнемі әзірленіп отырады», - деді С. Мыңбаев өз сөзінде.