Осыған байланысты барлық ауыл шаруашылық жерлері тиімді пайдаланылуы керек. Бюджетте егістік үшін қарастырылған қаражат қатаң түрде мақсатына лайық бағытталуы тиіс, бұл тұқымдарды субсидиялауға да қатысты.
Үкімет басшысы өзінің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовке Энергетика министрлігімен бірлесе отырып ауыл шаруашылығы өндірушілерін дизельдік отынмен қамтамасыз ету мәселесін бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, ҚазАгро холдингіне ақшалай қаражатты уақытылы бөлу және ауылдықтар үшін оның қолжетімділігін қамтамасыз ету тапсырылды.
Отырыстың екінші жартысында Үкімет индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының 2016 жылғы іске асырылу нәтижесін қарады. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, барлығы бағдарлама мен оны іске асыру бойынша шаралар жоспарында 4 мақсатты индикатор және 10 нәтижелер көрсеткіші қарастырылған. Бағдарламада жоспарланған 10 нәтижелер көрсеткішінің 2016 жыл қорытындысы бойынша 8-і жүзеге асырылған. Нәтижесінде дәстүрлі секторлардағы кәсіпорындарды жаңғырту есебінен қолданыстағы өндірістерді жаңғырту мен кеңейту бойынша еліміздің 7 өңірінде жалпы сомасы шамамен 68,7 млрд. теңге болатын 10 жоба іске асырылған. Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша, бағдарламаның индикаторлар мен нәтижелер көрсеткішінің жүзеге асырылу деңгейі 84,6%-ті құраған. Ал бағдарламаның іс-шаралар жоспарын орындау деңгейі 97,6 процентті құрады.
Жалпы, бағдарламаны іске асыруда 2016 жылға арналған нәтижелерді оң деп бағалауға болатынын ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов те алға тартты.
Премьер-министр Мемлекет басшысы өз Жолдауында индустрияландыру мәселелерінің маңызды рөлін көрсеткенін, Қазақстанның үшінші жаңғыруын іске асыруға байланысты тапсырма жүктегенін атап өтті. Бізге индустрия 4.0 элементтерін енгізумен қатар, өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық қайта жарақтандыру бойынша ауқымды әрі көп еңбекті талап ететін жұмыс жасау қажет, деді Б.Сағынтаев.
Сонымен қатар, Премьер-министр еңбек өнімділігін одан әрі арттыру мәселелеріне баса назар аударудың және қазірдің өзінде салалық министрліктер мен өңір әкімдіктерімен бірлесіп кәсіпорындармен бірге нүктелік жұмыстарға кірісу қажеттігін айтты.
Премьер-министр қазіргі сәтте Үкіметтің инвестицияларды тарту жүйесін өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын және биылғы жылдың маусым айының соңына дейін инвестицияларды тарту бойынша ұлттық стратегия әзірленетінін, сонымен қатар бірыңғай ақпараттық-мониторингтік жүйе енгізілетінін атап өтті. Бұл шаралар инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған.
Сонымен қоса, Б.Сағынтаев жұмыс көрсеткіштерінің бірі инвесторларға ұсынуға болатын пысықталған жаңа жобалар болуы тиіс екеніне назар аударды. Осыған орай, индустрияландыру басымдықтарына сай келетін жобаларды сапалық тұрғыдан іріктеуге ерекше көңіл бөлу қажет.
Сонымен қатар, Премьер-министр Мемлекет басшысы Үкімет алдына шикізаттық емес экспорт көлемін 2025 жылға қарай 2 есеге дейін арттыру туралы міндет қойғанын айтты. Қойылған міндетті жүзеге асыру экспорттық қолдау жүйесін «қайта жүктеу» бойынша жүргізілетін жұмыстарды ескерумен және жалпы экономиканың басым салаларында бәсекеге қабілетті экспорттық өндірістерді дамытумен жүзеге асырылуы тиіс.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары А.Маминге аталған мәселелерді бақылауда ұстау жөнінде тапсырма берілді.